• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 10:17

6 ай бойы жүйелі түрде жәбірленушіні аңдыған астаналық азамат бас бостандығынан айырылды

10 рет
көрсетілді

Елордалық азамат жәбірленушінің онымен қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін біле тұра, 6 ай бойы жүйелі түрде ізін аңдыған. Айыпталушының заңсыз әрекеті Астана сотында қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Тергеу барысында ер адам жәбірленушінің байланысты тоқтату туралы талабын елемей, әйелді тұрғылықты және жұмыс орнында қудалап, бейнежазбаға түсіріп және психологиялық қысым көрсеткені анықталды.

Сотта мемлекеттік айыптаушы жәбірленушінің жеке бас бостандығына, қауіпсіздігіне және жеке өміріне қол сұғылуына байланысты сотталушының кінәсін дәлелдейтін толық әрі жан-жақты айғақтар ұсынған.

Сталкинг пен алаяқтық қатаң жазаланады

«Сот үкімімен ол сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылып, моральдық зиянды өтеуге міндеттелді. Айыпталушының бұған дейін бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп, оның шарттарын бұзғанын ескере отырып, өтелмеген жаза бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды», делінген Астана қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, заңсыз қудалау әрекеті үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Бұған дейін Петропавл мен Атырау облыстарында осы мазмұндағы қылмыс жасаған екі азамат жазаланғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар