• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:21

Ақпанның ақтүтек бораны: Еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады

40 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» 10 ақпан күні Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын болжап, дауылды ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Мамандардың болжамынша, бірқатар аймақта қар, қар аралас жауын-шашын, бұрқасын, тұман және көктайғақ болуы ықтимал. Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 15-23 метрге жетеді.

Астанада қар аралас жауын-шашын түсіп, соңы көктайғаққа ұласады және күндіз бұрқасын соғуы мүмкін. Желдің екпіні секундына15-20 метрге, кей уақытта 23 метрге дейін күшейеді.

Алматы қаласында түнгі және таңғы уақытта тұман түссе, Қонаев қаласында желдің күшеюі болжанып отыр.

Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде және таңертең нөсер жауын жауады. Түркістан облысының оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ таулы өңірлерінде де жауын-шашынды ауа райы болжанған.

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

Атырау облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Түнде және таңғы уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан және батыстан соғып, екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді. Жетісу облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, жолда көктайғақ болады.

Маңғыстау облысында да қар жауып, көктайғақ болады. Ақтау қаласында екпінді жел соғады.

Ұлытау, Қарағанды және Ақмола облыстарында жауын-шашынмен қатар бұрқасын, тұман және көктайғақ болады. 

Тұман, көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Абай облыстарында қар аралас жауын-шашын, тұман, көктайғақ және бұрқасын болжанған. Тараз, Қызылорда, Петропавл және Семей қалаларында жел күшейіп, күн райы құбылады.

Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында да қар аралас жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ болжанып отыр. Өскемен мен Павлодарда желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қар жауып, баяу бұрқасын соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, Орал қаласында түнде қарлы боран соғуы ықтимал.

Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

Алматы облысының бірқатар ауданында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді. 

Соңғы жаңалықтар