• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 16:38

Сыр өңірінде шибөрі неге көбейді?

10 рет
көрсетілді

Биыл Сыр өңірінде шибөрі көбейіп тұр. Осыған байланысты облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы   мамандары тарапынан жыртқыштардың санын реттеу жұмыстары тұрақты жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Былтыр осындай 167 рейдік іс-шара ұйымдастырылып, 47 қасқыр, 6 шибөрі ауланды. Бекітілген іс-шараға сәйкес биыл жыл басынан бері басқармаға қарасты «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» қызметкерлері Қожакент, Машбек, Қыркеңсе, Жаңаарық, Өзкент, Түгіскен ауылдық округтері аумағынан 112 шибөрі аулапты.

Қазалы ауданында да шибөрілер шамадан тыс көбейіп тұр. Табиғи тепе-теңдікті сақтап, елді мекендер маңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауданда100 шибөріні ату жоспарланған.

Қарағандыда заңсыз киік аулау дерегі тіркелді

Жыл басынан бері «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» қызметкерлері 70 шибөріні атты.

Соңғы жаңалықтар