NASA астронавттары енді ғарыш сапарларында iPhone смартфондарын еркін пайдалана алатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Америкалық ғарыш агенттігінің мәліметінше, Apple гаджеттері Халықаралық ғарыш стансасына жоспарланған Crew-12 миссиясы мен Айға ұшуды көздейтін Artemis II бағдарламасы аясында қолданылмақ.
Қоқысқа толған ғарышты кім тазартпақ?
NASA бұл қадамын экипаж мүшелеріне үйреншікті функционалды қамтамасыз ету ниетімен түсіндірді. Астронавттар смартфондарды мына мақсаттарда пайдаланады:
Білім беру контенттерін жасау; Жеке мұрағат үшін сапалы фото мен видео түсіру.Айта кетейік, бұл – мобильді құрылғылардың АҚШ ғарыш агенттігінің кемелерінде пайдалануға ресми рұқсат алған алғашқы жағдай.
iPhone-да геолокацияны оператордан жасыратын функция пайда болды