• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2015

Атырауда 6 адамның өліміне себепші болған жүргізуші сотталды

282 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 13 тамыз. Атырау облысының Жылыой аудандық соты 6 адамның өліміне себепші болған жүргізушіге қатысты сот үкімін жария етті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сотталушы биылғы жылдың 19 мамырында «Камаз-55111» маркалы автомашинасымен Доссор-Бейнеу тас жолында келе жатып алдындағы көлікті басып озбақшы болады. Алайда, ол көлігімен қарсы бағытқа шығып, «Лада-Ларгус» маркалы автокөлігімен бетпе-бет соқтығысады. Нәтижесінде жеңіл автокөліктің ішіндегі 6 адам апат салдарынан көз жұмып, бір адам ауыр дене жарақатымен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген еді. «Сот сотталушының жасаған әрекетіне өкінетіндігін жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде танып, 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан және 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.