Астанада Ұлттық музейде Суретшілер одағының мүшелерінің қатысуымен Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған «Ата заң – жарқын өмір кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды басқосуға 60-тан астам қатысушы жиналып, шығармашылық қауым өкілдері Ата заңның жаңа жобасын қолдайтындарын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген көрнекті суретші, «Астана қаласы Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Өмірәлі Исмаилов Конституцияның қоғам өміріндегі маңызына тоқталды.
Жазушылар жаңа Конституцияның рухани өзегін талқылады
«Ата заң – жарқын өмір кепілі» тіркесі жай ғана ұран емес. Ол қоғам дамуының іргетасын қалайтын негізгі құндылықтарды, адам қадір-қасиетін, еркіндік пен жауапкершілікті айқындайды», деді ол.
Конституция жобасы партиялық пікірталас тақырыбына айналды
Жиында Ақмарал Ибраева, Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, жаңа Конституция жобасының мазмұнына ерекше назар аударды.
«Конституция – мемлекеттің тұрақтылығының, болашағы мен кепілінің негізі. Жаңа жобаға өнер, ұлттық құндылықтар және тарихи-мәдени мұраға қатысты маңызды ұғымдардың енуі – аса құнды бастама», деді ол.
«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды
Дөңгелек үстел барысында танымал суретшілер Жаңа Конституция жобасына қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, оның Қазақстанның дамуына, әсіресе өнер мен мәдениет саласына тың серпін беретініне сенім білдірді. Қатысушылар конституциялық реформалардың рухани кеңістікті жаңғыртудағы мәнін де ерекше атап өтті.