Бүгін түскі уақытта Жетісу облысында жер сілкінісі болды. Кейбір алматылықтар да әлеуметтік желілерде қаланың жекелеген аудандарында әлсіз дүмпуді сезгенін жазды. Оқиғаға Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Ведомство таратқан ақпаратта «жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде орналасқан» деп көрсетілген.
Мексикада магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болды
Дүмпу Жетісу облысының бірқатар елді мекендерінде сезілген. Панфилов ауданының Жаркент қаласында, Текелі қаласында, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында және Сарқан ауданының Сарқан қаласында дүмпу 3 балл деңгейінде тіркелген. Ескелді ауданы Қарабұлақ кентінде, Талдықорған қаласында, Көксу ауданының Балпық би ауылында, Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында және Қаратал ауданының Үштөбе қаласында жер сілкінісінің күші 2 балл шамасында болған. Сондай-ақ Алматы облысының Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылында, Еңбекшіқазақ ауданының Көкпек және Шелек ауылдарында да әлсіз дүмпу тіркелді.
ТЖМ дерегіне сәйкес, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.
Алматы маңында жер сілкінді
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде алматылықтар да жердің сәл теңселгенін айтып, «жеңіл діріл сезілді, аздап шайқалып кеткендей болды» деген сипаттағы жазбалар қалдырды. Мұндай хабарламалар Threads секілді түрлі платформаларда жарияланған. Алайда қалалық төтенше жағдайлар департаменті Алматы аумағында жер сілкінісі тіркелмегенін және қалада жер асты дүмпулері болмағанын мәлімдеді.