Алматының «Қайрат» футбол клубы Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Анадолы елінде Қазақстан Премьер-лигасының жеңімпазы төрт жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 7 ақпанда олар Өзбекстанның 16 дүркін чемпионы, кезіндегі өздерінің бітіспес қарсыластары «Пахтакормен» (Тәшкент) күш сынасса, 13 ақпанда «Орынбормен» шеберлік байқасады. Ал 19 ақпанда Ресейдің тағы бір командасы − «Пари НН» (Төменгі Новгород) клубына қарсы ойнайды.
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» биылғы маусымда қанша табыс тапты?