• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

Апаттан құтқарған оқушы

20 рет
көрсетілді

2004 жылы Таиланд жағалауында болған алапат цунами кезінде жүз­ге жуық туристің аман қалуына 10 жас­тағы британдық оқушы Тилли Смит себепкер болған.

Демалыста ата-ана­сымен Таиланд­қа барған жасөспірім ­қыз жағажайда теңіз­дің кенеттен шегі­ніп, толқындардың өзгеше көбік аралас пішінге енге­нін байқайды. Бұл белгілер оған таныс еді. Себебі сапарға шы­ғардан аз уақыт бұрын мектептегі география са­бағында цунамидің алғашқы нышандары туралы өткен. Қауіпті жағдай­ды бірден аңғарған Тилли ата-анасына ескер­тіп, жағажайдағыларды тез арада қауіпсіз жерге кетуге шақыруға көндіреді. Ере­сек­тер оның сөзін ескеріп, адамдарды жедел эвакуациялаған.

 

Соңғы жаңалықтар