• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 18:11

Биыл елімізде қандай әлемдік жарыстар өтеді?

10 рет
көрсетілді

Былтыр 30-ға жуық әртүрлі деңгейдегі халықаралық жарыстар өтсе, биыл да ел аумағында әлемдік және құрлықтық деңгейдегі 20-дан астам ірі халықаралық жарыс өткізу жоспарланып отыр. Жарыстар Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Талғар, Ақтау қалаларында өтіп, қысқы, жазғы, олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерін қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Миландағы ақ Олимпиада аяқтала салысымен Алматыда Фристайл-могулдан Әлем кубогі кезеңі мен FIP GOLD ALMATY халықаралық падел турнирін, WKF каратэден KazOpen халықаралық турнирін, барлық жас санаттары бойынша джиу-джитсудан Азия чемпионатын ұйымдастыру жоспарланған. Ал жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «XXXIV Мемориал – Ғ.Қосанов» халықаралық жеңіл атлетика жарысы мен Denis Ten Memorial Challenge Series мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнирі Алматыда өтеді.

Италиядағы ақ Олимпиада: Спортшылардың жарыс кестесі жарияланды

Елорда да бірқатар маңызды байрақты бәсекелерді қабылдайды. 2025-2026 маусымына арналған УЕФА футзалдан Чемпиондар лигасының финалы мен төртінші рет өтетін дзюдодан Grand Slam турнирін көпшілік тамашалай алады. Осы жарыстармен қатар ерлер мен әйелдер арасындағы Silk Way Series Kazakhstan-1,2 халықаралық жарыстары, жүзу мен боччадан Әлем кубогтері, голболдан жастар арасындағы әлем чемпионаты мен Astana Open Series Kazakhstan-1,2 халықаралық жарыстары ұйымдастырылады.

Сондай-ақ биыл Астанада фиджитал спорттан «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді.

Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады

Талғарда көпкүндік веложарыстан Азия кубогін, Шымкентте ISSF стенд атудан Әлем кубогі мен маунтинбайктан (MTB) Азия кубогін, ал Түркістанда пара каноэден Азия чемпионатын өткізу жоспарланған.

Бұл жарыстардың барлығы Қазақстанның әлемдік спорт қауымдастығының сенімді серіктесі және ірі халықаралық жарыстарды қабылдай алатын заманауи спорттық алаң екенін тағы бір мәрте айғақтайды.

Қысқы Олимпиада ойындарын қайдан көруге болады?

Соңғы жаңалықтар