• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 14:47

Тұман, көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

20 рет
көрсетілді

5-7 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, алдағы күндері қар аралас жауын-шашын, көктайғақ, тұман және екпінді жел күтіледі. Ел аумағына оңтүстік-батыс ауа массаларының келуіне байланысты күндізгі температура келесідей көрсеткішке дейін көтеріледі:

Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда: -3...+2 градус;

Оңтүстікте: +8...+17 градус;

Оңтүстік-шығыста: +5...+15 градус.

Бірақ аптаның соңына қарай жауын-шашын тоқтап, күн күрт суытады деп болжанған.

Еске сала кетейік, бүгін республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде ауа райы күрт нашарлайды.

Соңғы жаңалықтар