• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Ақтөбе тұрғыны ұрланған миллиондарын қайтарамын деп тағы алданды

30 рет
көрсетілді

Ақтөбеде 52 жастағы ер адам интернет-алаяқтардың құрығына екі мәрте түсіп, ақшасынан айырылды. Бастапқыда 7 млн теңгеден айырылған ол кейін ұрланған ақшаны қайтаруды уәде еткендерге сеніп, тағы 400 мың теңге аударып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір жыл бұрын Ақтөбе тұрғыны алаяқтарға криптовалютаға инвестиция салудан жоғары пайда алу үмітімен 7 млн теңге аударған. Кейін ер адам YouTube-тегі жарнамадан ұрланған қаражатты қайтару қызметін ұсынатынын көрген. Сол уәделерге сеніп, ол «мамандарға» 400 мың теңге аударған. Ақша қолдарына тиген бойда алаяқтар байланысты үзіп, ғайып болған.

Интернет-алаяқтық тыйылмай тұр: «Құпия Санта» ойын ба әлде тұзақ па?

«Интернеттегі жеке хабарландырулар арқылы алаяқтар ұрлаған ақшаны қайтарудың кепілдендірілген жолы жоқ. Ақшаны 100 пайыз қайтаруға уәде беру – қайта алдау әрекетінің кең тараған түрі», деп хабарлады полиция.

Алматыда алаяқтыққа қатысы бар 17,6 мың интернет-ресурс бұғатталды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ күдіктілерді анықтау және ұстау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

WhatsApp-та кибералаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Соңғы жаңалықтар