• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп 02 Ақпан, 2026

Атырауда студентті жазалаған мұғалім жауапкершілікке тартылды

20 рет
көрсетілді

Атырауда колледж студентін физикалық тұрғыда жазалаған ұстаз тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Atyrau.Today Телеграм-арнасының жазуынша, 30 қаңтарда Атыраудағы Энергетика және құрылыс колледжінде оқитын 16 жастағы студент ағылшын тілінің сабағына 6 минутқа кешігіп келген. Сол үшін мұғалім оны 100 рет жерден көтерілу жаттығуын (отжимание) жасауға міндеттеген. Ол тек 70 рет жасай алған.

Сабақтан кейін үйінде студенттің жағдайы нашарлап, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Қан қысымы 150/80-ге түсіп, жүрек пен қысым мониторингі 72 сағатқа қосылған.

Баланың анасы полицияға арыз жазып, денсаулығына зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қозғауды сұрады. Бұл шағым Атырау облысы білім басқармасының басшысы Марат Абуовқа да жетті. Жасөспірімнің айтуынша, кешігу үшін жаттығуды ағылшын тілі сабағында басқа студенттер де жасаған.

Жеке деректерді таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Осы жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде пікір екіге бөлінді.

Бірі: «Бұл дұрыс тәрбие, ер адамдарды осылай тәрбиелейді» десе, екіншілері: «Колледж − кәмелетке толмағандарды физикалық жазалау орны емес», деген пікір қалдырған.

Білім басқармасы мұғалімді кәсіби этика бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартты. Колледж әкімшілігі жағдайды бейбіт жолмен шешуді ұсынған, бірақ студенттің заңды өкілі құқықтық жолды таңдады.

Астанада 500 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

Соңғы жаңалықтар