Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанның таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мониторинг және жүргізілген тексерістер нәтижесінде ТЖМ мамандары таулы аймақтарда қар қалыңдығының жиналу процесі жалғасып жатқанын анықтады.
«Ауа райының тұрақсыздығына байланысты кейбір учаскелерде қардың өздігінен түсу қаупі сақталып тұр», делінген хабарламада.
ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары қар жамылғысының жиналуын және көшкін қаупі бар учаскелердің жағдайын тұрақты түрде бақылап, жүйелі түрде тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Богданович мұздығында қар көшкіні жүруі мүмкін
Бүгінгі таңда республика бойынша 217 жерүсті тексеріс жүргізіліп, қар көшкіні түсуі мүмкін аумақтарға 110 ескерту белгісі орнатылды.