• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң 30 Қаңтар, 2026

Жаңа Конституцияда қанша бөлім, қанша бап болады?

120 рет
көрсетілді

Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның кезекті отырысында еліміздің жаңа Конституциясының бірінші жобасы қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілді.

Сауалнама: Ел азаматтарының 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.

«Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты», деді ол.

Аида Балаева: Конституциялық реформа – ел дамуының әділдік пен заң үстемдігіне негізделген жаңа моделі

Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылғанын атап өтті.

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары жаңашылдықтар жан-жақты талқыланып, баршаның қолдануына ие болғанын атап өтті.

Серік Егізбаев Конституциялық реформаның негізін құрайтын үш стратегиялық тіректі белгілеп берді

Соңғы жаңалықтар