• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім 29 Қаңтар, 2026

1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды

20 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдары елімізде шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде орналасқан 3 008 мектепке ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған. Жайлы мектептің жартысы - ауылда 2023-2025 жылдар қорытындысы бойынша: 369 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді; 1 817 мектепте ағымдағы жөндеу жасалды; 2 917 пәндік кабинет сатып алынды; 1 697 мектепте жиһаз жаңартылды; 2 413 мектептің кітапханасы жаңғыртылды; 1 401 мектептің асханасы жаңартылды; 1 705 мектепте қауіпсіздік жүйелері күшейтілді. Сонымен қатар 2023-2025 жылдары 2 752 мектеп үшін 4 320 пәндік кабинет сатып алынды, оның ішінде: 2023 жылы – 1 072 мектеп (1 507 кабинет); 2024 жылы – 920 мектеп (1 621 кабинет); 2025 жылы – 760 мектеп (1 192 кабинет). Бұл жұмыстардың нәтижесінде еліміз бойынша 1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды. Ауыл мектептерінің әлеуеті артып келеді Бұдан бөлек мектеп инфрақұрылымының бірыңғай заманауи форматына көшу үшін 2029 жылға дейін 1 300-ге жуық мектепті реновациялау бағдарламасы басталды. Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Соңғы жаңалықтар