• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Сенат Кеше

Тұрғын үйге арналған заңдар қаралады

12 рет
көрсетілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 29 қаңтарға жоспарланған Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.

Палатаның алдағы отырысында сенаторлар «Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі мен ОРЕС Ха­лық­аралық даму қоры ара­сын­­­дағы жеке сектордағы опе­ра­ция­­ларды ұйымдастыру тура­лы не­гіз­­демелік келісімді ратифи­ка­ция­­лау туралы» заңды қарай­ды. Ке­лі­сім ұзақ мерзімді қаржы­лан­­ды­­­руға, инвестициялар­ды қор­ғау­­­ға, сон­дай-ақ ынтымақтас­тық­тың икемді шарттарына кепілдік береді.

Бюро отырысында аталып өткендей, аталған заң арқы­лы ОРЕС Халықаралық Даму қоры­ның қарыздарын, кепілдіктерін, тағы басқа да құралдарын алуға жәрдемдесу үшін тұрақты негіз құру арқылы еліміздің қаржылық ынтымақтастығы мен орнықты экономикалық дамуын ынталандыру көзделіп отыр.

Сондай-ақ Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қаты­настары және құқық қорғау қыз­меті мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Заңның негізгі мақсаты – күзет қыз­метін жүзеге асыратын субъек­тілердің қызметін жетіл­діру, қару иелеріне қойылатын талап­тарды күшейту, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар­дың, азаматтық қорғау орган­дары­ның қызметкерлерін, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібін жетілдіру. Сондай-ақ заңды шамадан тыс нақтылайтын нормаларды алып тастау, оларды Үкімет актілері деңгейіне ауыстыру қарастырылған.

Сонымен қатар сенаторлар бұған дейін Мәжіліс қабылда­ған заңдарды жұмыс үшін Палата­ның тұрақты комитеттеріне бөліп берді.