Болгария президенттік институтының 33 жылдық шежіресінде алғаш рет мемлекет тізгіні әйел адамға өтті. 61 жастағы Илияна Йотова ел тарихындағы алтыншы мемлекет басшысы әрі Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы ретінде қызметіне ресми түрде кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ауқымды саяси ауыс-түйіс елдегі терең саяси дағдарыс аясында жүзеге асып отыр. Бұрынғы Президент Румен Радев мемлекет ішіндегі тұрақсыздықты еңсеруге мүмкіндік беру мақсатында өз еркімен отставкаға кеткен болатын.
23 қаңтардағы Конституциялық соттың шешімі мен негізгі заңның талаптарына сәйкес, вице-президент Илияна Йотова өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін президент міндетін атқаруға тиіс.