• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 21 Қаңтар, 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысады

51 рет
көрсетілді

22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңестің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуға ұсыныс білдіргені хабарланған.

Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеген еді.

Қазір Аргентина, Мажарстан, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Иордания, Қатар және Италия елдері кеңеске мүше болуға шақырту алғандарын растап, оны қабылдағандарын жария етті.

Айта кетейік, Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трамппен, Израильдің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған.

Сондай-ақ күні кеше Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент дипломатияның жауапкершілігі мен халықаралық шешімдердің салмағына арнайы тоқталды.

Соңғы жаңалықтар