Үскірік аяздың күшейіп кетуіне байланысты Қарабалық ауданы аумағындағы күре жолдарда қоғамдық көліктер мен жүк көліктері қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орындар бірлесіп өткізген қауіпті жағдайдың алдын алу іс-шаралары барысында «Алматы – Екатеринбург» Челябіден Тәжікстанға кетіп бара жатқан автобус тоқтатылып, 44 жолаушы жылу пуктіне орналастырылды.
Ақтөбе облысында сақырлаған сары аязда 13 жолаушы айдалада қалып қойған
Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, қоғамдық көлікте 12 бала болған. Уақытша жылы тұраққа орналасқан шетел азаматтарына ыстық тамақ, ауыз су қамтамасыз етілген.
Ақмола облысында 7 адам боранның салдарынан жолда қалып қойған