Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Парыз – 2026» байқауына өтінім қабылдау басталды. Байқауға мемлекеттің акциялары мен жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдар қатыстырылмайды, деп жазады Egemen.kz.
Үздіктер 4 аталым бойынша анықталады:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл аталымда қызметкерлерін қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады;
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл аталымда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайын жасайтын үміткерлердің өтініші ескеріледі;
3) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл аталымда еліміздің заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің тізімі басты назарға алынады.
Мемлекеттік сыйлыққа іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі жарияланды
Үміткерлер өтінімін 1 шілдеге дейін қағаз және электронды форматта жолдай алады.
Айта кетейік, бүгін Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа құжат қабылдау басталғаны да хабарланды.
Мәдениетке еңбек сіңіргендер: 2025 жылғы мемлекеттік стипендия иегерлерінің тізімі жарияланды