Қазақстан бокс федерациясы 2025 жылды қорытындылап, Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындық жоспарын жариялады. Басты жаңалық – ұлттық құрама спортшылары енді Америка құрлығында жүйелі түрде оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz
World Boxing: Махмұд Сабырхан «Жылдың үздік боксшысы» атағына ұсынылды
Алдағы уақытта спортшылардың дайындығына қатысты стратегиялық өзгерістер енгізілмек. Биылдың өзінде төрт боксшы Америкада бір жарым ай бойы тәжірибе жинақтап қайтты. «2028 жылы Олимпиада АҚШ-та өтетіндіктен, біз спортшыларымызды сол жаққа жүйелі түрде жіберіп тұрамыз. Бұл боксшылардың жергілікті жағдайға бейімделуіне және шеберліктерін шыңдауына септігін тигізеді», деді Мерей Ақшалов.Еске салайық, Аида Әбікеева әйелдер арасындағы 2025 жылдың үздік боксшысы атанды.