• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы 23 Желтоқсан, 2025

Доллар 4 теңгеге арзандады

23 желтоқсандағы сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының теңгеге шаққандағы құны едәуір төмендеп, 510,18 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан қор биржасындағы бүгінгі сауда-саттық нәтижесінде шетелдік валюта бір тәулік ішінде 4,98 теңгеге арзандады. Сонымен қатар еліміздің айырбастау орындарындағы бағам да өзгеріске ұшырады.   Қазіргі уақытта айырбастау орындарында доллар 508,5-512,4 теңге аралығында сатып алынып, 512,8-516 теңгеден сатылады. Басқа валюталардың орташа бағамы келесідей: Еуро: сатып алу – 601-603 теңге, сату – 606-608 теңге; Рубль: сатып алу – 6,11-6,46 теңге, сату – 6,48-6,90 теңге. Мұнай нарығында ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 62,2 долларды құрап отыр.
Соңғы жаңалықтар