• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Желтоқсан, 2025

Қос компания – «Парыз» жеңімпазы

10 рет
көрсетілді

Шымкенттің екі кәсіпорны – «Еврокристалл» ЖШС, «Dala-construction.kz» ЖШС компаниялары Астана қаласында өткен «Парыз-2025» республикалық конкурсының лауреаты атанды.

Аталған кәсіпорындар өнім өндіріп, өңірлік әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Компаниялардың оңды істері қызметкерлердің еңбек жағ­дайын жақсартуға, әлеуметтік қорғау шараларын күшейтуге, өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Конкурстың қалалық кезеңінде Шым­кент қаласынан 18 кәсіпорын қатысып, 5 аталым бойынша 19 өтінім ұсынылған-ды. Комиссия барлық үміткерді арнайы талаптармен қарап, әлеуметтік жауапкершілік деңгейі, еңбек жағдайы, экологиялық талап­­тарды сақтау мен корпоративтік мәде­­ниет көрсеткіштері жағынан бағалады.

Мамандар «Парыз» конкурсы жергілікті кәсіпорындардың бизнестегі әлеуметтік жауапкершілігін күшейтетінін, алдағы уақытта әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуына серпін беретінін мәлімдеді.

 

ШЫМКЕНТ 

Соңғы жаңалықтар