• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс 03 Желтоқсан, 2025

Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп қойды

50 рет
көрсетілді

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы анасын пышақтап өлтіріп, әжесін өлтіруге оқталды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке аса ауыр қылмыс қаладағы пәтерлердің бірінде жасалғанын хабарлады.

«Шақыртуға келген полиция қызметкерлері зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйелдің денесін тапты. Сонымен қатар сол пәтерде пышақ жарақатын алған егде жастағы әйел медициналық мекемеге жеткізілді», деп хабарлады полиция.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады.

Соңғы жаңалықтар