• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 30 Қараша, 2025

Түркістан облысында шенеунік 191 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

60 рет
көрсетілді

ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарының бірқатар басшысының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰҚК мәліметінше, Қоғамдық даму басқармасының басшысы өз қоластында істейтіндермен сөз байласып, қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ Ветеринариялық қызмет басқармасының басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша оң қорытынды алу үшін комиссия мүшелеріне 16 млн теңге көлемінде пара берген деген дерек те тергеліп жатыр.

Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмеді.

Соңғы жаңалықтар