• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Қараша, 2025

Нью-Йоркте жылдамдықты асырған жүргізушілердің көлігіне арнайы құрылғы орнатылады

40 рет
көрсетілді

Нью-Йорк билігі жылдамдық режимін сақтамайтын жүргізушілерге Stop Super Speeders Act деп аталатын заңнама дайындап жатыр. Құжатта көлікке GPS арқылы жолдағы рұқсат етілген жылдамдықты анықтайтын және оны бағдарлама көмегімен сағатына 5 мильден (8 км/сағ) асырмайтын арнайы құрылғы орнату туралы жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл шара 24 айда кемінде 11 айыппұл алған немесе бір жыл ішінде жылдамдықты асырып, бағдаршамның қызыл түсін елемей, бейнебақылауға 16 рет түскендерге қолданылады.

Көлік иесі құрылғыны өз қаражатына орнатады, ол шамамен 520 мың теңге тұрады.

Заң шығарушы орган штат губернаторы бұл құжатты мақұлдаса, полиция 3000-4000 тұрғынның жылдамдығын шектейтінін айтты.

Бұл Америкадағы шенеуніктердің алғашқы бастамасы емес. Былтыр дәл осындай шара Вашингтонда, Колумбия округінде талқыға түскен. Олар ұсынған жаза бұдан қатаң. Тәртіп сақшылары бірінші рет ереже бұзған тұрғынның көлігіне шектеуіш орнатпақ болған.

Соңғы жаңалықтар