• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қараша, 2025

Шығыс Қазақстан облысында жаңа әуежайлар қашан ашылмақ?

50 рет
көрсетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңындағы баспасөз-конференциясы барысында өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыс басшысының айтуынша, Зайсанда әуежай құрылысы 60%, ал Катонқарағайда 55% аяқталған.

Ұшып-қону жолақтары салынған, ал перрон, аэровокзалдардың құрылысы жүргізіліп жатыр, жыл соңына дейін аяқталмақ. Сонымен қатар, «ҚазАэроНавигация» қажетті жабдықты монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Келесі туристік маусымның бастапқы тұсында, яғни сәуір-мамыр айларынан бастап әуежайлар алғашқы ұшақтарды қабылдайды деп ойлаймын», деді Н.Сақтағанов ОКҚ алаңында қойылған сұраққа берген жауабында.

Соңғы жаңалықтар