Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы қараша айында төленуі және тапсырылуы тиіс салықтар мен есептіліктер тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Төлем мерзімдері
5 қарашаға дейін: – жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар үшін жеке табыс салығы.
20 қарашаға дейін: – акциз және оның құрылымдық бөлімшелер бойынша акциз төлемдері; – ЕАЭО аясында импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар.
25 қарашаға дейін: – корпоративтік табыс салығы (КТС), жеке табыс салығы (ЖТС), әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары; – КТС бойынша аванстық төлемдер; – еңбекақыдан ұсталатын бірыңғай салық; – сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру төлемі; – экспортқа салынатын ренталық салық; – пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық; – су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем; – цифрлық майнинг үшін төлем; – жер және мүлік салықтарының ағымдағы төлемі; – ойын бизнесіне салық; – бөлшек сауда салығы; – қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлемнің ағымдағы төлемі; – қосылған құн салығы (ҚҚС).
Осылайша, қарашадағы негізгі төлем күндері – 5, 20 және 25 қараша.
Есепті кезең
17 қарашаға дейін (2025 жылдың III тоқсаны үшін): – 101.03 нысаны – резидент кірісінен ұсталған КТС бойынша есеп; – 101.04 нысаны – бейрезидент кірісінен ұсталған КТС бойынша есеп; – 200.00 нысаны – ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация; – 300.00 нысаны – ҚҚС бойынша декларация; – 570.00 нысаны – экспортқа салынатын ренталық салық бойынша декларация; – 590.00 нысаны – пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация; – 710.00 нысаны – ойын бизнесі салығы бойынша декларация; – 860.00 нысаны – су ресурстарын пайдалану төлемі бойынша декларация; – 870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлем бойынша декларация; – 880.00 нысаны – цифрлық майнинг төлемі бойынша декларация; – 913.00 нысаны – бөлшек сауда салығын қолданушыларға арналған декларация.
Қазан айы үшін: – 400.00 және 421.00 нысандары – акциз және оның құрылымдық бөлімшелер бойынша есеп.
20 қарашаға дейін: – 328.00 нысаны – тауарлар импорты мен жанама салықты төлеу туралы өтініш.