• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Санайғақ: Қазақстан халқы санының қаншаға жеткені хабарланды

30 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының жаңа деректерін жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 1 қазанда ел тұрғындарының жалпы саны 20 445 231 адамды құрады, деп жазады Egemen.kz.

Жыл басынан бергі өсім 161 832 адамды құрап отыр. Оның ішінде:

табиғи өсім есебінен – 151 632 адам,

көші-қон есебінен – 10 200 адам артқан.

Бюро мәліметінше, еліміздің жеті өңірінде тұрғындар саны 1 миллионнан асқан:

Алматы қаласы – 2 337 023 адам,

Түркістан облысы – 2 148 207 адам,

Астана қаласы – 1 612 512 адам,

Алматы облысы – 1 586 875 адам,

Шымкент қаласы – 1 286 087 адам,

Жамбыл облысы – 1 216 849 адам,

 

Қарағанды облысы – 1 131 818 адам.