• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 14:21

«Халық заңгері» акциясының игілігін қанша адам көрді?

50 рет
көрсетілді

Елімізде өткен «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында 120 мыңнан астам азамат тегін әрі білікті құқықтық көмек алды. Бұл шара «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру бағытындағы ең ірі әлеуметтік бастамалардың біріне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Қазақстанның барлық облыс және аудан орталықтарында кең ауқымды «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Шара барысында азаматтардың құқықтық мәселелеріне нақты әрі кәсіби көмек көрсетілді.

Әрбір ниет білдіруші танымал адвокаттар мен тәжірибелі заңгерлерден тегін кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарын мемлекеттік органдардың басшыларына тікелей қоюға мүмкіндік алды.

Акцияны Бас прокуратура Әділет министрлігімен, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға адвокаттар, заңгерлер, нотариустар мен сот орындаушылары белсене қатысып, «ZakonKZ» және «Параграф» желілік басылымдары ақпараттық қолдау көрсетті.

Нәтижесінде 250-ден астам қала мен елді мекенде 120 мыңнан астам азамат тегін құқықтық кеңес алды. Келушілерге заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, интернет-алаяқтықтан қорғану, «дропперлік» әрекеттердің салдары, сондай-ақ EGOV.kz және Kaspi.kz платформалары арқылы несиелерді бұғаттау тәсілдері туралы толық ақпарат берілді.

Биылғы акцияға 4 мыңнан астам заңгер, адвокат, нотариус және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, ауқымы мен қамтылуы жағынан рекордтық көрсеткішке жетті.