• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 11:20

Электр қуатын қолдау тарифтері жеті жылға бекітілді

50 рет
көрсетілді

Энергетика министрінің 2025 жылғы 14 қазандағы бұйрығымен электр қуатының дайындық қызметіне арналған шекті тарифтер жеті жыл мерзімге бекітілді. Жаңа тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл шара энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыруға және энергия өндіруші кәсіпорындардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұйрыққа сәйкес, тарифтер келесі мөлшерде бекітілді: 

2026 жыл – 1170 мың теңге/МВт; 2027 жыл – 1355 мың теңге/МВт; 2028 жыл – 1435 мың теңге/МВт; 2029 жыл – 1510 мың теңге/МВт; 2030 жыл – 1585 мың теңге/МВт; 2031 жыл – 1665 мың теңге/МВт; 2032 жыл – 1745 мың теңге/МВт.