• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инвестиция Кеше

Ертіс-Баян өңірінде инвестициялар көлемі 30,3 пайызға өскен

30 рет
көрсетілді

Болжамдарға сүйенсек, биылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша өңір экономикасының барлық негізгі бағыттарында оң серпін сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, өнеркәсіп секторының нақты көлем индексі 100,1% құрайды деп күтілуде, ал ауыл шаруашылығындағы өсім 107,3% деңгейінде болжануда. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 138,8 млрд теңге (130,3%) шамасында, құрылыс саласында - 464,7 млрд теңге (117%), тұрғын үйді пайдалануға беру - 570 мың шаршы метр (100,7%) деңгейінде болады деп күтілуде. Ішкі сауда көлемінің өсімі 114,8%, көлік және қоймалау - 116,5%, байланыс саласы - 110,3% деңгейінде болжанып отыр.

Қаржы басқармасының мәліметінше, 1 қарашадағы жағдай бойынша облыстық бюджеттің кіріс бөлігі трансферттерді есепке алмағанда 100,7% деңгейінде болжануда. Бюджеттің шығыс бөлігі 99,1% көлемінде орындалады деп күтіліп отыр Жыл қорытындысы бойынша бюджеттің орындалуы 99,0% деңгейінде болады деп күтілуде.

Павлодар облысы