• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жемқорлық Бүгін, 00:50

Рудныйдың бұрынғы прокуроры 20 млн теңге пара алып, ұсталды

40 рет
көрсетілді

Қостанай қаласының №2 сотында ірі көлемде пара алуға оқталды деп айыпталған У. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу тәртібімен қысқартылған іс жүргізу шеңберінде қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот дерегінше, 2025 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін Рудный қаласының прокурорының бастамасымен қала құрылыс бөлімінде қызметкерлерге негізсіз төлемдер жасалғаны бойынша тексеріс жүргізілген. Сол уақытта У. пара алу мақсатында қылмыс жасауды көздеп, мемлекеттік мекеме басшысының міндетін атқарушыдан тексеруді тоқтату және қылмыстық қудалаудан босату үшін 20 млн теңге талап еткен. Ол ақша алу кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан қолма-қол ұсталған.

Соттағы жарыссөз барысында тараптардың ұстанымдары қарама-қайшы болды: мемлекеттік айыптаушы айыпталушыға 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, ал айыпталушы мен оның қорғаушылары айыппұлмен шектелуді өтінді. Заң бойынша бұл қылмыс үшін ірі айыппұл не 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда іс жеделдетілген тергеу тәртібімен қаралғандықтан, ең жоғарғы жаза 4 жыл 6 ай болып шектелді.

Сот айыпталушының жеке басын, қылмыстың сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды және «әділеттің аға кеңесшісі» сыныптық шенінен айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.