• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:24

Қазақстанда кітапты ерлерге қарағанда әйелдер көп оқиды

50 рет
көрсетілді

«Қазақстан жастары» аналитикалық баяндамасына сүйенсек, елдегі жастардың 32,4%-ы кітап оқымайтын болып шықты. Оның ішінде бөріктілердің қарасы қалың. Жалпы есепте кітапқа зауқы соқпайтын жандардың ішінде ерлер 36,8% болса, әйелдер 27,7%-ды құраған. Қалған жандар күнде болмаса да, арагідік кітап парақтағанды теріс көрмейді, деп жазады Egemen.kz.

Кітап оқитын жастардың ішінде 20,3%-ы классикалық романдарды, 19,1%-ы заманауи романдарды, 16,3%-ы детективтерді, 14,8%-ы фантастика мен фэнтезиді, 14,7%-ы тарихи романдарды, 8%-ы поэзияны, 8%-ы отандық әдебиетті, 6,8%-ы ғылыми еңбектерді, 5,8%-ы триллерлерді, 3,9%-ы нон-фикшн жанрын, 0,4%-ы оқу бағдарламасына кіретін кітаптарды, 0,3%-ы діни әдебиетті, 0,1%-ы мақалалар мен әңгімелерді таңдаған.

Жыныстық айырмашылық тұрғысынан қарағанда:

классикалық романдарды – 14,6% ерлер, 26,3% әйелдер;

заманауи романдарды – 12,8% ерлер, 25,8% әйелдер;

детективтерді – 15,8% ерлер, 16,7% әйелдер;

фантастика мен фэнтезиді – 13,5% ерлер, 16,1% әйелдер;

тарихи романдарды – 15,1% ерлер, 14,2% әйелдер;

триллерлерді – 5,3% ерлер, 6,3% әйелдер;

нон-фикшнді – 4,6% ерлер, 3,2% әйелдер;

поэзияны – 6% ерлер, 10% әйелдер;

отандық әдебиетті – 8,6% ерлер, 7,4% әйелдер;

ғылыми әдебиетті – 6,8% ерлер, 6,7% әйелдер;

діни кітаптарды – 0,4% ерлер, 0,2% әйелдер;

мақалаларды – 0,1% ерлер мен әйелдер;

оқу бағдарламасындағы әдебиеттерді – 0,5% ерлер, 0,3% әйелдер оқитынын көрсеткен.