• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:26

Атырауда жасөспірімдер төбелесіне байланысты тергеу басталды

40 рет
көрсетілді

Атырау қаласында екі қатарласын ұрған төрт жасөспірім ұсталды. Оларға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасөспірімдердің төбелескені туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төмендегідей ақпарат берді.

«Екі жасөспірімге қасақана дене жарақатын келтірген 4 күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдердің кәмелетке толмауына байланысты заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынатын болады. Қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары басталды. Қазір аталған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», деп хабардар етті департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер ішкі істер органдарының есебіне алыналды. Оларға қатысты іс құжаттары кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға ұсынылатын болады.