• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жасанды интеллект Кеше

Отандық ЖИ платформасы бизнесмендердің жұмысын жеңілдетеді

40 рет
көрсетілді

Бизнес сұранысынан туған SHAI.PRO AI-платформасы еліміздің төл өнімі. Аталған платформа компанияларға арнайы бағдарламалаусыз-ақ цифрлық көмекші әзірлей алады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл 6 млн доллар көлемінде инвестиция құйылған цифрлық өнім ұжымдық мәліметтерді еркін меңгеріп, сіздің кәсібіңіздің тілінде «сөйлей алады». Тарқатсақ, SHAI.PRO жүйесі кез келген масштабтағы компанияның деректері мен құжаттарын, жұмыс үрдісін саралап, тұтынушының сауалына толыққанды жауап беруге қауқарлы.

Компания шешімдерінің жедел әрі нәтижелі орындалуына үн қосатын AI-платформа бүгінде Galvani Bioelectronics - Alphabet (Google) пен GSK сынды халықаралық компаниялармен сәтті серіктестік орнатқан.

Сондай-ақ Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтымен (ISSAI) бірлесе отандық тілдік модельдер мен қолданбалы жасанды интеллект бағыттарын дамытуға ден қойған.

 

САЛА САЙЫПҚЫРАНДАРЫНАН ҚҰРАЛҒАН ҰЖЫМ

SHAI.PRO – темірдей тәртіпке бас иген инженер, зерттеуші, стратегтің жұмыла төккен терінің жемісі. Командада жасанды интеллект пен деректер құрылымы, аналитика және UX-дизайн саласының мамандары да еңбек етеді. Олардың мақсаты – ашықтықты сақтап, сенім үдесінен шыға отырып пайдаланушыға пайда әкелетін AI мәдениетін қалыптастыру.

Ұжым жергілікті таланттарды белсенді қолдау бағытында университет, акселераторлармен ынтымақтасып, ЖИ нарығына жаңа буын мамандарын даярлауды да қолға алған. Мультикоманда жасанды интеллект арқылы кәсіптің күнделікті жұмысын жеңілдетуді көздейді.

SHAI.PRO ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

No-code интерфейсі ЖИ ассистент жұмысын бағдарламалаусыз баптауға мүмкіндік береді. Алдын ала құрастырылған визуалды логика, үлгілер, жан-жақты сценарий оны айлап әзірлемей-ақ, бірнеше батырманы басу арқылы іске қосады.

Корпоративтік деректер негізінде оқыту. Жүйе сұраныс берген компания мен саланың ерекшелігіне қарай бейімделеді. Осы функция негізінде ЖИ ассистент әмбебап чат-бот емес, кәсібіңізді терең түсінетін кәсіби маман рөлін сомдайды.

SHAI.PRO-ны жеке серверлер немесе компанияның ішкі инфрақұрылымына (On-premise) орналастыруға болады. Бұл деректердің тұтынушы назарында болатынын айғақтайды. Тағы бір оң тұсы – модельді оқытудан бастап, қызметкерлер арасындағы файл алмасуға дейінгі қызметтерді еңсереді.

Платформа қолданыстағы API, CRM, ERP және BI жүйелеріне қосылып, ретсіз орындалатын үдерістерді бірыңғай интеллектуалды экожүйеге біріктіреді. SHAI.PRO ассистенттері клиенттердің сұранысын автоматты түрде өңдей алады, есеп жүргізіп, сатылым үрдісін талдайды. Компанияның HR бөліміне жобаға серпін беретін мамандардың таңдауға септеседі.

Масштаб. AI-платформаның бұл икемді тұсы стартаптар мен ірі холдингтер үшін тиімді. Платформаның құрылымы күрделі интеграциялар мен инфрақұрылымды қайта жасамай-ақ кәсіптің өсуіне, кеңеюіне мүмкіндік береді.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ AI ӘЛЕУЕТІН АЙҒАҚТАЙТЫН ПЛАТФОРМА

SHAI.PRO – еліміздің ЖИ саласында әлемдік деңгейде жүйе жасай алатынмызды анық аңғартатын жарқын мысал. Платформа авторларының айтуынша, ол – ЖИ-дің экожүйесі.

SHAI.PRO – тиімді технология, стратегиялық сараптама негізінде бизнес ырғағын жылдамдатып, қателіктің алдын алуға, заманауи шешімдерге іркілмей ілесуге қолғабыс жасайды.