Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымы форматына көшу үшін 1300-ге жуық мектепте реновация бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биыл 245 мектепте кешенді реновация жүргізіліп жатыр, оның 134-інде жұмыстар толық аяқталған. Жаңа оқу жылы 130 мыңнан астам оқушы жаңартылған, жайлы және қауіпсіз мектептерде білім алып жатыр.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше реновация бағдарламасы шеңберінде мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһазындарын жаңарту, талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосу, спорт залдарын, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау, сондай-ақ мектеп аумақтарын жаңа стандарттарға сай абаттандыру қарастырылған.
Мектептерді жаңарту жұмыстары алдағы жылдары да жалғасады.