• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Хоккей 29 Қазан, 2025

Бүгін «Барыс» командасы Омбыда «Авангардпен» кездеседі

230 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында елордалық «Барыс» командасы Омбы қаласында  «Авангардқа» қарсы мұз айдынына шығады. Ойын Қазақстан уақытымен 18:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін қос команда 76 рет кездесіп, олардың 25-інде елордалық «Барыс» жеңіске жеткен. Қалған матчтарда Омбының «Авангарды» үстем түскен.

Қазір ҚХЛ турнир кестесінде «Барыс» 19 ұпаймен 15-орында, ал қарсыласы «Авангард» 25 ұпаймен 7-сатыда тұр. Бұл ойын қазақстандық клуб үшін плей-офф аймағына жақындай түсуге мүмкіндік беретін маңызды сын болмақ.

Айта кетейік, «Барыс» келесі кездесуін 31 қазанда сырт айдында Челябіде «Тракторға» қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар