• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:49

Дзюдодан ел чемпионаты өтеді

20 рет
көрсетілді

Қараша айының 10-13 күндері аралығында Семейде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ҚР Чемпионаты өтеді. Жарыс Дзюдо федерациясының YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Абай Арена» спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан барлығы 600-ден астам татами шебері қатысады.

Ерлер мен әйелдер 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайтын чемпионат нәтижесінде 2025-2026 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталады. 

Ал, аралас-командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.