• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жасанды интеллект Бүгін, 10:05

Отын-энергетика кешенінде ЖИ қолданылады

10 рет
көрсетілді

Елімізде отын-энергетика кешенінде ЖИ технологияларын қолдану мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Осы мақсатта ТЭК саласына ЖИ енгізу жөніндегі акселерациялық топ құрылып, оның құрамына саланың жетекші компанияларының өкілдері кірді.

«Топтың негізгі міндеті – салалық қажеттіліктерді айқындау және ЖИ технологияларын енгізу бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру бағытында күш-жігерді біріктіру», деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Сонымен бірге биыл ЖИ шешімдері бар ғаламдық вендорлар мен IT-компаниялардан тұратын AI-альянс құрылған. Отандық IT әзірлеушілерді қолдау мақсатында министрлік пен Astana Hub резиденттері арасында салаға ЖИ шешімдерін енгізу және сол бағытта бірлесіп сынақтар өткізу жөнінде меморандумдарға қол қойылды.