• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 11:28

Регбишілер Азияны бағындырды

30 рет
көрсетілді

Оман астанасында өткен Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025 турнирінде ел құрамасы барлық қарсыласын ойсырата жеңіп, чемпион атанды. 12 елдің үздіктері жиналған додада спортышаларымыз бірде-бір ойында ұтылған жоқ, нәтижесінде Азияның жоғары дивизионына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz. 

Омандағы екі күндік жарыс топтық және плей-офф кезеңінен тұрды. Қазақстан құрамасы Қырғызстан (44:0), Сауд Арабиясы (27:0) және Катарды (34:7) жеңіп, өз тобында көш бастады. Жартылай финалда Ауғанстанды 41:0 есебімен тізе бүктірген отандастарымыз финалда Үндістан құрамасын 27:0 есебімен ойсырата ұтты.

Осылайша, Қазақстан командасы турнир бойы барлығы 173 ұпай жинады. Мұндай нәтижемен ұлттық құраманың Азия регби тарихында алғаш рет Division 1 деңгейіне көтерілуі – үлкен жетістік. Сонымен, финалға шыққан екі ел – Қазақстан мен Үндістан жоғары дивизионға жолдама алса, Өзбекстан мен Тайбэй төменгі лигаға түсті.