• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

Жетісуда «Ақылды полиция» жүйесі іске қосылды

20 рет
көрсетілді

Жетісу облысының Қаратал ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кіші жедел басқару орталығы (ЖБО) ашылды. Нысанның құрылысына 320 млн теңге облыстық бюджеттен бөлінген, деп жазады Egemen.kz.

Орталық іске қосылуымен ауданның маңызды аумақтарына орнатылған 77 бейнекамера мен 5 жылдамдық өлшеу құрылғысы жұмыс істей бастады. Бұл жүйе полицияға тәулік бойы көшелерді бақылап, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жаңа ЖБО «Ақылды полиция» тұжырымдамасын іске асырудағы маңызды қадам саналады. Іс-шараға қатысқан аудан әкімдігі мен полиция өкілдері орталықтың ашылуы Қаратал ауданындағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.