• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 18:20

Батыс Қазақстанда газ бағасы арзандады

20 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі облыс тұтынушылары үшін тауарлық газдың жаңа бағасы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықтардағы баға белгілеу қағидаларына және ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің 2025 жылғы 1 қазандағы №27-03-09/775 хатына сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілген тауарлық газдың босату бағалары қосылған құн салығынсыз (газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау тарифін ескере отырып) келесідей болып бекітілді:

1. Халық үшін – 20 128,66 теңге (1000 м³ үшін);

2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын халық – 15 905,36 теңге;

3. Өзге заңды тұлғалар үшін – 29 731,67 теңге.

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша енгізілген мораторийге байланысты, жоғарыда көрсетілген босату бағалары өзгеріссіз қалады» делінген хабарламада.

Айта кетейік, өңірде бұған дейін жеке тұтынушылар үшін тауарлы газды босату бағасы 1 мың текшеметр үшін – 23 914,59 теңге болатын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап халық үшін тауарлық газдың босату бағасы қосылған құн салығынсыз 20 128,66 теңге көлемінде бекітілді.

Батыс Қазақстан облысы