Әлемдегі ең ірі электрондық коммерция алпауыты «Amazon» алдағы он жылда қойма жұмыстарын жаппай автоматтандыруды көздеп отыр. 600 мың жұмыс орнын роботтарға бермек.
Роботтар қоймадағы міндеттердің 75 пайызына дейін жүзеге асырады. Бұл компанияға миллиардтаған доллар үнемдеуге мүмкіндік береді деп болжанып отыр. Дегенмен сарапшылар бұл қадамның екінші жағы бар екенін ескертеді. Егер жоспар жүзеге асса, «Amazon» бұрынғыдай ірі жұмыс беруші емес, керісінше «жұмыс орындарын жоюшы компанияға» айналуы мүмкін.