Әлемдегі ең жылдам пойыз жолға шығуға дайын. Сынақтың соңғы кезеңі ғана қалды. Қытай инженерлері жасап шыққан пойыздың жылдамдығы сағатына 453 шақырым, яғни қазіргі қолданыстағы жылдам пойыздардан 100 км/сағ-қа жоғары.
Сынақ бағдарламасына сәйкес, CR450 пойызы 600 мың шақырым жол жүріп өтуге тиіс. Тесттер арнайы теміржол полигонында және жеке бағыттарда жүргізіледі. Сынақ сәтті аяқталған жағдайда, пойыз жолаушыларды тасымалдауға келесі жылы кіріседі деп жоспарланып отыр.