• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 24 Қазан, 2025

Солтүстік Қазақстан облысының механизаторы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

30 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі, агроөнеркәсіп кешенін және тау-кен өндіру саласын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені:

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мәмбетов және К» КС механизаторы Қаражұманов Мұрат Кеңесұлына;

Қарағанды облысындағы «Qarmet» АҚ КД «Шахтинская» шахтасы учаскесінің бастығы Чернобай Сергей Петровичке тапсырылды.