• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 13:45

Батыс Қазақстанның Бөрлі ауданында аспаннан белгісіз нәрсе құлады

30 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданына қарасты Қызылтал ауылы маңында аспаннан ұшақсыз басқарылатын аппаратқа ұқсас нәрсе құлап, жарылыс болған,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазанның 23-і күні таңертең Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласының іргесінде тұрған Қызылтал ауылы маңында аспаннан белгісіз нәрсе құлағаны жөнінде фото-бейне ақпараттар тарады.

«Ақсайда Қызылталға дрон түсіп, жарылыс болды, толқынымен үйлерді кішкене шайқады» дейді белгісіз адам. Бейнежазбада бірнеше көлік, әскери киімді адамдар көрінеді. Осы бейнежазбамен бірге таралған фотосуреттерде дронның қанаты мен моторына ұқсас күйген бөлшектер бейнеленген.

«Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті арнайы қызмет өкілдерімен бірге Бөрлі ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына орай тексеру іс-шарасын жүргізіп жатыр. Ол нысан елді мекеннен тыс аумақты табылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Нұржан Қуанғали.

Айта кетейік, Бөрлі ауданында әлемдегі ең ірі газ кеніштерінің бірі – Қарашығанақ кен орны орналасқан. Қарашығанақтан алынған шикізат Ресейдің Орынбор облысындағы газ өңдеу кешенінде өңделеді. 19 қазан күні Орынбор ГӨК-нде жарылыс болған еді. 

Батыс Қазақстан облысы