• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

«OpenAI» чип жасайды

40 рет
көрсетілді

Жасанды интеллект саласында жаһандық бәсеке күшейіп жатқан шақта «OpenAI» технологиялық тәуелсіздігін күшейтуге кірісті. Компания енді өзіне тиесілі арнайы чиптерді шығармақ.

Бұл қадам «OpenAI»-дің есептеу қуатын арттырып, өнімдерін жылдам әрі тиімді етуге бағытталған. Жобаны жүзеге асыру үшін «OpenAI» америкалық «Broadcom» компаниясымен стратегиялық серіктестік орнатқан. Екі компания бірлесіп жасанды интеллектіге арналған арнайы жеделдеткіш чиптер мен жоғары жылдамдықтағы желілік инфрақұрылым жасайды. Инфрақұрылымның жалпы қуаты 10 гигаваттқа дейін жетпек.