• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау Бүгін, 18:15

Әсет Оразғалиев Атырау облысының басқармасына екінші рет басшы боллды

40 рет
көрсетілді

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымын Әсет Оразғаиев атқаратын болды, деп жазады Egemen.kz.

Әсет Самарханұлы Индер ауданындағы Есбол ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2003 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, 2008 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Өртке қарсы қызмет органдарында және құрылыс саласындағы кәсіпорындарда жұмыс істеген. 2009 жылдан бері облыстың жол саласында бас маман, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары болған.

Кейін Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, «ҚазАвтоЖол» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары лауазымына тағайындалған. Ал осы тағайындауға дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келген.